Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйел жігітке итін айтақтап талатып тастады

Қарағандыда итке таланған жас жігітті бойжеткен көріп құтқарып қалды. Жігіт қыздың көлігіне отырып аман қалды.

2fb366d5737295d184b8d9484eb0a831

Қайғылы оқиға 14 шілде күні болды, деп жазады “Новый вестник”.

«Біз концертке бара жатқанбыз. Күйеуім, сіңілім мен қызым төртеуміз. Қызым біздің алдымызда кее жатқан. Осы кезде қызыма ротвейлер иті бас сала төніп келе жатты. Мен балама ұмтылдым, Күйеуім итке қарсы тұрды. Иттің тұмылдырығы да, қарғыбауы да жоқ. Айналада балалар тола жүр», – дейді қыздың анасы Наина Корнейчук.

Күйеуі ит иесіне ескерту жасағанда, ол «маған бұйрық беретін сен кімсің» деп өзіне төніп, тіпті жігітке итін айтақтаған.

Айналада адамдар толып жүргенімен ешкім көмектеспей, бәрі телефон камерасына түсіріп кетекн.

Ит жігітке тұра ұмтылып, қарсыласқанына қарамастан талай бастайды.

Осы кезде қарағандылық Елена Вишнякова көмекке ұмтылып, ит иесіне дүрсе қояды.

Оның айтуынша, ит иесі «Фас, фас, фас деп қолымен итке жігітті көрсеткен. Иті өзіне қайтып келгенде тағы осылай жасапты. Мен көлігіммен қорқытпақ болсам да тоқтамады», – дейді Елена.

Елена көлік есігін ашып, жігітті отырғызады. Ол қатты шошынып қалған. Аяқ-қолынан қан аққан. Полицей шақыртқанымен олар оқиға орынан 1 жарым сағаттан соң жеткен.

Ит иесіне полицейлер 11 мың теңге айыппұл салыпты. Алайда жәбірленуші тарап оған қатысты қылмыстық іс қозғалса екен дейді. Олар болған жайтты полицияға айтқанымен олар «жігітті әйел емес, ит талады. Оған іс жүргізе алмаймыз» деген.

Енді Корнейчуктер отбасы облыстық ІІД-не шағым түсірмек.

Тағы да оқыңыз:

Асқазанда құрт барын қандай белгілерге қарап білуге болады?

Кесте: Бойыңыз бен салмағыңыздың сәйкестігі қалай болу керек?

Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Талқылау