Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы оқушы өлімі: Желідегі бейтаныс жігіт оқушы қыздан арқанмен селфи жасауын талап еткен

Қарағандыда оқушы қыз өз үйінде асылып тұрған жерінен табылды. Туыстары оның соңғы кездері бейтаныс жігітпен желі арқылы сөйлесіп жүргенін айтады, деп хабарлайды КТК.

Фото: КТК

Жақындарның айтуынша, жас жігіт  Настяга түрлі тапсырмалар жіберіп отырған. Кейіннен арқанмен селфи жасау керектігін айтып, оның ережесін де жазып өткен. Туыстары мұның «Қызыл үкі» деп аталатын өлімге итермелейтін ойын екенін айтады. Алайда шенеуніктер мен полицейлер болжам жасауға әлі ерте екенін жеткізді.

«Жас жігіт арқанмен асылып тұрғанын суретке түсірген соң, арқанды қайшымен қию керекігін ескерткен. Ол өз аккаунтымен әлі де өзге балалармен сөйлесіп отыр. Настяға кейіннен жазды дейді. Бірақ біз оның Настя өлмей тұрып хабарлама жібергенін көріп тұрмыз», – дейді әпкесі Светлана.

Жақындары бұл ойынның «Сний кит» ойынының жалғасы екенін алға тартты. Бұл балалардың психологиясын құрту.

Настяның шын мәнінде неден көз жұмғанын тергеу анықтайтын болады. Білім бөліміндегілер оқушының өлгісі келмегенін, тек тапсырманы орындау барысында қайшымен арқанды кесе алмай қалғанын айтуда. Ал, шенеуніктер оқушы қыз «Қызыл үкі» ойынына кірмеген деп сендіруде.

Айта кетейік, Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 3 ақпан күні қыздың мүрдесі табылды. №23 мектептің директоры Нүркен Ашықбаевтың сөзінше, оқушы қыздың үлгерімі қанағаттанарлықтай болған, мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүрген.

Қызметтік тексеріс аяқталған жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздардың анасын шақыртып бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан

Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан

Талқылау