Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қарттарға 3 мың теңгеден берілмек

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Қарағандының қалалық бюджетінен қаржы бөлініп, 75 жастан асқан қарттарға үлестірілмек.

7563d61c01cd16a1ea5f5d3aa155b131

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Қарағанды қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін әртүрлі шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі 75 жастан асқан қарттарға берілетін бір жолғы материалдық көмек. Отыз мыңнан аса қарияға 3000 теңгеден материалдық көмек көрсетілмек. Бұл жайында Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2016 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 21854 адамның арнайы шоттарына материалдық көмек жіберілді. Жалпы 30189 адам қамтылмақ», – деп жазады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

3000 теңгеден алған қарағандылық қариялар не дейді? Осы бір жолғы материалдық көмек алған қариялардың пікірін білген едік.

Кеңес үкіметіне одан кейін Қазақстанға 40 жылдан аса қызмет қылған 78 жастағы Совет ақсақал 3000 теңгеге де қанағат дейді.

«Қымбатшылық уақытында 3000 теңгеге мардымды ештеңе сатып ала алмайсың. Дәрі-дәрмек, азық-түлік, бәрі қымбат. Зейнетақым аз. Әйтеуір уақытылы алып отырғаныма да тәубе деймін. Дағдарыс, одан қала берді ЭКСПО деп жатыр. Үкіметте ақша жетпей жатқан болар. Бұл әйтеуір мереке қарсаңында қарттарға білдірілген ықылас деп ойлаймын. Мұндай көмек беріп жатқанына да шүкір», – дейді Марфа апай.

Қарағанды шахтасында 38 жыл кенші болған Жақсылық ата әкімдіктің қарттарға жасаған ілтипатына риза болғанын, бірақ ақшаның тым аз екендігін айтты.

«Ақшалай көмекті бәйбішеміз екеуміз де алдық. Жыртығымызды жамамасы анық. Дегенменде, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әкімдіктің бізді ұмытпағанына ризамыз. Бір жолғы көмек екенін білмедік, ай сайын осылай беріп отырады екен деп қуанып қалғанбыз. Біз қиын-қыстау заманды, жоқшылық кезеңді көрдік. Қазіргідей тыныш, бейбіт уақытты көру де маңдайымызға жазылған екен. Бұған да тәубе дейміз. Бастысы еліміз аман, тұтастығымыз берік болсын», – дейді Совет Әубәкіров.

Қарағанды әкімдігі берген 3000 теңгеге не дәрі аларын, не тамаққа жұмсарын білмеген Марфа Федотова зейнетақысының да аз екендігін айтып қалды.

71b2d77eee7ec04aea2eb2c61ef75ace

«Мемлекетке 25 жыл жасаған қызметіміздің құны 3000 теңге болғаны ма? Қарттарға көмек көрсеткені дұрыс-ау. Алайда ауыз толтырып айтарлықтай ақша болмағандықтан оны жарнамалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қазір бұл ақшаға ештеңе де сатып ала алайсың. Бір күнгі нан мен сүтіңнен де артылмайды», – деді Жақсылық ата.

Қанағатшыл заманның қариялары осылай дейді. 3000 теңге болса да, Қарағанды әкімдігінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында көрсетіп жатқан ықыласына, ниетіне рахмет дейді қарағандылықтар.

Талқылау