Қарағандыда қызыл судың деңгейін бақылауға барған үш адам қайтыс болды

Қарағанды облысында 13 адам болған УАЗ маркалы көліктің батып кеткен жерінде тосқауыл белгі болмаған. Үш адам бақилық болған тас жолдың қауіпті аумағы тіпті қоршауға да алынбапты,-деп жазды 31 арна.

туысы
Бұны төтенше жағдайлар департаменті басшыларының өзі растады. Ал марқұмдардың жақындары кісі өліміне судың деңгейін тексермеген биліктегілерді кінәлап отыр.

Бұл – туыстарынан айырылып, қара жамылған екі отбасының бірі. 13 адаммен суға батып кеткен УАЗ маркалы көліктің ішінде Серік Қаппаровтың екі бірдей жақыны болған. Сөзінше, әкімшілікте жүргізуші болып істеген ағасына ауыл басшысы көрші ауылдан адамдарды жеткізуді бұйырыпты.

Бірақ діттеген жерге адамдарды жеткізбекші болған 56 жастағы Болат Әбілдинов жалғыз ұлымен бірге сол кеткенінен оралмаған. Тұрғындар «судың деңгейі көтерілген жерге жақындарымызды жіберген әкімдер ажал аузына өздері айдап апарды», деп қапалы.

«Ағам неге баласымен бірге шығады? Әкім неге, комиссия неге бірге шықпаған? Мәселе сонда. Мысалы, біледі, судың деңгейі көтеріліп жатыр, неге менің ағамды жібереді, неге трактор жібермеген?»,-дейді марқұмның ағасы Серік Қаппаров.

Болат Әбілдинов пен оның ұлы Жанболат Мәжітовтен өзге ағысы қатты өзен суына 13 жастағы өрімдей Ерасыл Дарханұлы да батып кеткен. Олардың денелері тек бір тәуліктен соң табылып, шығарылды. Үш адамның мәйіті «УАЗ» көлігінен бір шақырым жерден табылған.

Ішінде 13 жолаушысы болған «УАЗ» көлігі «Бесоба-Қарашоқы» тас жолында аударылған. Ресми мәліметтерге сай, жолдың ең қауіпті жермен жүрген көлік Бесобаға кетіп бара жатқанда судың ағысына төтеп бере алмай, оң жақ бетке аударылған. Адамдарды құтқарамын деп көліктің артқы есігін ашуға беттеген Болат Әбілдиновті ағыс алып кеткен.

Қар суы шайып өткен жолда ешбір тосқауыл белгінің болмағанын төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгін ресми түрде растады. Олар «жүргізуші Болат Әбілдинов қауіпті аумаққа судың ағысын бақылап тұруға жіберілген», деп отыр. Және мамандар о баста жүргізуші мен участкелік полицей болуы тиіс көлікте өзге адамдардың қайдан пайда болғанына да хабарсызбыз дейді.
«Белгі болған жоқ. Нақты өтуге болмайды деген лента арқылы, әлде құмды төгіп деген сияқты басқаша ұйымдастырылып, ондай болған жоқ. УАЗ осы жердегі су ағынын қадағалау үшін жіберілген болатын»,-дейді Қарағанды облысының ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қапанов.

Ал кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған ішкі істер департаментіндегілер бір орында тұруы тиіс «УАЗ» маркалы көліктің не себепті Бесоба ауылына қарай бет алғанын анықтауға кірісті.

«Бесоба ауылындағы жағдай бойынша ҚР ҚК 001 бабы, яғни «Адам өлімі» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша жедел құру тобы құрылды»,-дейді Қарағанды облысының ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.

Ағысы қатты су небәрі үш күннің ішінде өңірдегі сегіз елдімекенді басқан. Соның кесірінен 21 тұрғын үй мен 44 аула қатты зардап шеккен. Ал түн жарымда қауіпсіз жерге көшірілген 397 адамның 36-сы әлі баспаналарына оралған жоқ.

Десе де облыс басшылары су тасқыны әлі де өршіп тұрған Қарағанды облысында төтенше жағдай жариялауға асығар емес. Ал еріген қар суына батып кеткен адамдар тасқынның құрбандары болып танылмады.

Оқи отырыңыз:

Қуат (Найман) Хамитов: Қазақ ұлтына қарсы заң шыққан сайын өз-өзімді ұстай алмай қаламын

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр