Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда беларусиялық азамат іздестіріліп жатыр

Полиция Қарағандыға жоғалып кеткен Беларусиялық азаматты іздестіріп жатыр. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі тұрғындардан көмек сұрады.

Ол 28 наурызда  таңғы сағат 5:00 шамасында Олимпиада көшесіндегі үйден шығып кетіп, содан оралмаған. Қаарағандыға алғаш рет келгендіктен қаланы білмейді.

Кожуров Игорь – 39 жаста, Беларусь Республикасының азаматы.

Бойы – 180 сантиметр, арық денелі, көзі көк, шашы ақшыл, денесінде тыртық жоқ. Үстіне қоңыр тон, қара шалбарғ қара бас киім мен ақ бәтеңке (кроссовка) киген.

Полиция осы азаматты көрген, білген тұрғындардар болса, мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (7212) 429 144, 429 230, 429 282  немесе 102, 8 701 888 48 01, 8 705 332 43 92.

Тағы оқыңыз:

Талдықорған тұрғыны жеке куәлігімді ХҚКО қызметкері өзгеге беріп жіберген деп айыптап отыр

7 жасар баланың ісі: “Қорқытты” деп айыпталып жатқан Селтановтар жәбірленушілердің сөзін жоққа шығарды

Көкшетауда қоластындағы 55 жастағы қызметкерін тырнап алған 38 жастағы басшыға айыппұл салынды

Ақмола облысында өлі деп ойлаған қарындасы ағасына 17 жылдан соң қоңырау шалған

 

Талқылау