Қарағандыда анаша ұнтағын сатқан түнгі клуб ди-джейі ұсталды
Қарағанды полицейлері анаша ұнтағын сатты деген күдікпен түнгі клуб ди-джейін ұстады, – деп хабарлайды облыстық ІІД.
Қарағанды облысының ІІД қылмыстық топқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлер тез арада іздеу шараларын ұйымдастырып, іздеу барысында 27 жастағы түнгі клуб ди-джейі күдікті деп танылды.
Ұстау барысында “Арлан” арнайы бөлімінің мүшесі сатып алушы ретінде барып, спайс ұнтағын сатып алып тұрған күдіктіні қолға түсіреді.
Күдіктіден көк түсті ұнтақ пен ақ түсті ұнтаққа ұқсас заттар табылды. Сарапшылардың зерттеуі бойынша ұнтақтардың құрамында жүйкеге әсер етуші пировалеронды заттар бар.
“Сату мақсатында заңсыз наркотикалық заттарды дайындау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
Жерлеу рәсімі, кебін, табыт, тас – бәрі қымбат.

“Тоқаев билігіне ықпал етуді көздеп отыр”: Сарапшылар Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы не ойлайды
Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады