Қарағандыда әкімдіктің алдына жылқы баққан адамға айыппұл салды
Сәтбаев қаласы әкімдігінің алдына жайылған жылқылардың иесіне 43 мың теңге айыппұл салынды.
Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров хабарлады, деп жазады Айқын газеті.
Еске сала кетсек, қала тұрғыны Асқар Қошанов атты жергілікті тұрғын қала орталығында жылқылардың жайылып жүргені туралы хабарлаған еді.
Сәтбаев ішкі істер басқармасынің жергілікті полиция қызметінің өкілдері бұл видеоны тексерді. Іздестіру шараларының барысында жануарлардың иесі табылды. Ол қаланың 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігі (“Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол келесі жолы жылқыларды қыстауда бағуға міндеттелді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Жіберіп алмаңыз:
Әндетіп тұрып бата берген ақсақал желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)
Күйеуінен оңбай таяқ жеп, адам сенгісіз қорлық көрген әйел халықтан көмек сұрады
Қарапайым асханадан тамақтанған Семей әкімін желі қолданушылары сынға алды