Қарапайым асханадан тамақтанған Семей әкімін желі қолданушылары сынға алды
Қала әкімін қоғамдық орыннан көріп қалған Семей тұрғыны оны суретке түсіріп, желіде жария етті.

“Біздің қаламыздың әкімін халықтық орыннан көру сондай қуаныш сыйлайды. Шынында бұлай болады деп күтпеген едім. Өскеменнен келген әріптестерімізбен түстеніп отырған асханаға әкім де келіп тамақтанды”, – деп жазды Зухра Абдрахманова.
Пікір қалдырушылар Ермек Сәлімовтың бұл әрекеті расында қуантады десе, енді біреулері осы арқылы пиар қадам жасап отыр деп ойлайды.
“Қазір осындай үрдіске айналып кетті. Осы арқылы халыққа жақынмын деген ойды көрсеткісі келеді. Біреуі базар аралайды, ал біреуі жұмысқа великпен барады, енді бірі міне асханада отыр, – деп жазады қолданушы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады