Қарағандыда 200-ден астам адам ІІД-ның алдына жиналды: жиналғандарға әкім шықты

Қарағандыда билік өкілдері 1 қаңтарға қараған түні “Древний Рим” мейрамханасында жаппай төбелесте қайтыс болған жігіттің туысқандарымен байланысты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қарағандыда 200-ден астам адам ІІД-ның алдына жиналды: жиналғандарға әкім шықты

 

Кездесуде тергеу жұмыстары нақты түсіндірілді. Сол кезде ақпаратты алу үшін Полиция департаментінің мекемесінің алдына 200-230 адам жиналды.

Жиналғандардың алдына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын және алдағы уақытта тергеу жұмыстары қандай қадамдарға баратынын айтты. Әкім тергеу жұмыстарын ҚР бас прокуратурасы бақылап отырғанын мәлімдеді. Әкімдіктің хабарламасында барлық кінәлі адамдардың жазаланатыны айтылды.

“Біз де қазақпыз, біздің де жүрегімізде сендердікіндей ашу-ыза, намыс бар. Бірақ жігіттер әрнәрсе орнымен, ретімен болсын. Сендердің талаптарыңды, іштеріңдегі ашу-ызаны біз жақсы түсінеміз. Жаңағы арлама сөздерді айтқызғанымызда сол.

Ал енді, бүгінгі күнде біз ортаға шықтық, жиналдық, осының өзі, біріншіден, қанішерлерге, басқаларға үлкен сабақ. Екіншіден, ұлт туралы айтып жатырмыз. Кеше ғана мен бір ақынның сөзін оқыдым. Оны армян деп айтпау керек. Ол жендет. Жендетте ұлт болмайды. Біздің де қандастарымыз шетелде жүр. Шетелде тұрып жатыр. Ел тентексіз болмайды. Егер ол жақта бір тентегіміз басқа бір ұлтқа осындай қиянат жасаса, қандастарымызды ол жақтан қуып жатса не болады? Мысалға айтып жатырмын”, — деп айтылды жиналған қауымға.

Билік процесстің объективті болатынына уәде берді. Осы факт бойынша құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің “Кісі өлтіру” және “Бұзақылық” бабтары бойынша тергеу тобын құрды. Топ жедел жұмыс істейді.

Бүгінгі күні төбелеске қатысқан 8 адам анықталды. Олардың 7 қамауға алынды. Біреуі халықаралық іздеуге салынды.

Соныммен қатар, жалған ақпарат таратуға ҚР ҚК-нің 274 бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша 5000 АЕК-ге дейін айыппұл немесе осы көлемде түзету жұмыстары, немесе 7 жылға дейін бостандықтан және осы көлемде бас бостандығынан айыру беріледі”, — деп нақтылады әкімдіктегілер.

Баспасөз қызметі кездесу кезінде заңның бұзылмағанын мәлімдеді. Қала мен облыстағы жағдай тыныш, тәртіп бұзушылық болған жоқ.

Cөгеміз және қайғырамыз: армян диаспорасының өкілдері Қарағандыдағы жағдайларға қатысты хабарлама жасады (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр