Қарағандыда 11 жасар баланы ұрып-соққан бұзақылар жазасыз қалды
Қарағандыда 11 жастағы жеткіншекті аяусыз ұрып-соққан бір топ бұзақы жазадан құтылуы мүмкін. Өйткені мектеп оқушысын тепкінің астына алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпеген екен. Зардап шеккен баланың анасы бір айдан бері бостандықта жүрген күдіктілер, ұлына әлі қысым жасап жүргенін айтады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Ал содан кейін 11 жастағы Әлмир Мұхитдинов «не болғанын білмеймін», дейді.
Өйткені бейнежазбаға түсіп қалған мына құрдастары жеткіншекті жабыла тепкілеп, есінен тандырып тастаған көрінеді. Сөзінше, жасөспірімдер әуелі Әлмир мен оның жолдасына бір күн бұрын тиіскен екен. Осымен тоқтамаған мектеп оқушылары бір күннен кейін жұдырық ала жүгірген.
«Алғашында бізге бөтелке лақтырған. Сосын біз олармен сөзге келіп қалдық. Мені жеті бала ұрды. Басымнан, бетімнен, бүйрегімнен тепкіледі», – дейді Әлмир Мұхитденов.
Ессіз күйде жатқан баланы үйіне сол маңда жүрген адамдар жеткізеді. Жеткіншек екі апта бойы ауруханада жатып шыққан. Дегенмен анасы ұлының «денсаулығы толықтай түзелген жоқ» дейді. Әсіресе, басы қатты ауырады екен. Бірақ әйелдің жүрегіне бұзақылардың әлі күнге бостандықта жүргені батады. Тәртіп сақшыларының қол қусырып отырғанына қапалы әйел жеткіншектер ұлымды келесі жолы өлтіріп тастайды деп қорқады.
«Біз арыз жаздық. Қабылдады, бірақ сәл кейінірек істің жабылатынын естідім. Сонда бұзақылар осылай бостандықта тайрандап жүре ме? Ал менің ұлымды кім қорғайды?! Өлтіріп кетсе қайтем?» – дейді Әлмирдің анасы Гүлнәр Мұхитденова.
Дегенмен полиция қызметкерлері істің жабылғанын ресми мәлімдеді. Себебі кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жауапкершілікке тарта алмаймыз деп отыр.
«Тергеу барысында екі жақ та анықталды. Бірақ жеткіншектер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жаста болмаған соң, ҚР қылмыстық істі жүргізу кодексінің 35 бабы 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – дейді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.
Гүлнәр Мұхитдинова бұзақылардың үстінен прокуратураға шағым түсірді. Дегенмен құзырлы органнан әлі жауап келген жоқ дейді. Ал құрдастарынан оңбай таяқ жеген 11 жастағы мектеп оқушысының бас миы қатты жарақаттанған. Тепкінің астында қалған Әлмир әлі бірқатар медициналық тексерулерден өтуі керек.
Жіберіп алмаңыз:
Митингке шыққан үлескерлер қатаң күзеттегі ғимаратты басып кірді
Шымкентте жоғалған оқушы табылды
Бір топ Атырау тұрғындары әскериді ұрып тастамақ болды (видео)
ОҚО полициясы күдіктіні ұстап берген 18 жастағы жігітті марапаттады (фото)