Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны ұйықтауға мүмкіндік бермеген немересін пышақтап өлтірді

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр ауылының тұрғыны өзінің ұйықтауына кедергі болған үш жасар немересіне пышақ салып, өлтірген.

Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды. Аталған факті бойынша қазіргі таңда “Қастандықпен өлтіру” бабы бойынша тексеру басталған.

“Іс Қарағанды облыстық прокуратурасының қатаң бақылауында”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

39 жастағы ер адам мас күйде болған. Ол үйде үш жасар немересімен ғана болыпты. Өзінің ұйықтауына мүмкіндік бермеген соң, күдікті қолына пышақ алып, баланы бірнеше жерінен жаралаған. Алған жарақаттан бала бірден көз жұмады.

Ұйықтап тұрған ер адам таңертең көрші үйге барып, болған жағдай туралы айтып береді. Осыдан кейін ол қашып кеткен. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оны табуға облыстық ішкі істер басқармасының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 5 жасар қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен өгей әке қамауға алынды

Ақтөбеде мектепке ақша жинамақ болғандардың әңгімесін видеоға түсіріп алған келіншекке қысым көрсетіліп жатыр

Алматыда құлаған ұшақ пилоттарының есімдері белгілі болды

Балқашта ер адам көршісінің итін пышақтап тастады

Талқылау