Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының полициясы ұлтаралық араңдатуға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді

Қарағанды облысының прокуратурасы тұрғындарды арандату қадамына бармауға шақырады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Күдікті жаңа жылдық кеште мейрамханада қайтыс болған жігітті негізге алды. Әлеуметтік желідегі парақшасында өзге ұлт өкілдеріне қысым көрсетуге шақырды.

“ҚР ҚК-нің 128 бабы бойынша жеті күдікті ұсталды. Бесеуі қамауға алынды”, — деп хабарлайды Қарағанды облысындағы прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктілердің біреуі халықаралық іздеуге салынды.

1 қаңтарға қараған түні мейрамханада төбелес шығып, салдарынан жас жігіттің мерт болғанын білген қазақстандықтар ызаға булықты. Ақпараттың жоқ болғанынан адамдар төбелеске не себеп болғанын өздері ойлап тапты.

“БАҚ мониторингі оқиғаның шынайы бейнесі бірбеткей тұлғалардың кесірінен бұрмаланып кеткенін көрсетті. Прокуратура осындай қадамдардың салдары қандай болатынын ескерткен еді. “Вконтакте” әлеуметтік желісінде өзге ұлттарға қысым көрсетуге шақырған жазба табылды. Бұл факт бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 174 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуді бастады”, — деп хабарлады облыс прокуратурасы.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр