Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда полковник граната жарылған сәтте сарбазды құтқарып қалды

Қарағанды облысында штаб басшысы сарбазды граната жарылысынан құтқарып қалған. Енді ерлік қадамға барған әскериді ІІД Ұлттық гвардия басшылығы арнайы марапатқа ұсынбақ. Бұл туралы Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарлады.

лорпорпа

Оқу-жаттығу жиыны кезінде № 6505 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген Абзал Сұлтанқұлов гранатаны байқамай өте жақын қашықтыққа лақтырады. Қауіпті әскери жарылғыш зат жерге түскен бойда іске қосылған. Осы сәтте полковник Қайрат Үмбетов дереу жүігіріп барып сарбазды денесімен қалқалап, жас сарбаздың өмірін құтқарып қала алған.

Қазір екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтарына зиян келерліктей жарақат түспеген.

Талқылау