Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жеке меншік үйде иіс тиіп уланған бес адам көз жұмды

Қарағанды облысында бір үйден бес адамның мәйіті табылды.

Тағы бір адам есінен танған күйі ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, олар иіс тиіп уланған.

Қайғылы оқиға 21 қаңтар күні Қарағанды облысы Абай ауданының Дубовка ауылында болды.

Өрт сынақ зертханасы мамандарының нұсқасы бойынша, марқұмдар пештегі ақаудың салдарынан уланған. 1961, 1981, 1984 жылдары туған үш әйелдің тұлғасы анықталды.

Абай аудандық ІІБ жедел тергеу тобы басқа қаза тапқандардың тұлғасын анықтау және оқиға себептерін тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Кей мәліметтерге сүйенсек, олар қоғамнан оқшау өмір сүрген. Дәл сол күні алкогольді шімдік ішкен болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Мұсылмандық бейнесінде жасалған Крещение суаты желіде шу болды 

Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Бұдан былай қоқыс өткізген алматылықтарға әр келісі үшін ақша төленеді

Талқылау