Қарағанды облысында ағайынды екі жігіт өзенге батып мерт болды
2 сәуір күні таңертең ағайынды екі жігіт, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен аулының тұрғындары мал айдап әкелу үшін атқа мініп, өріске кетеді, бірақ сол кеткеннен қайтып оралмаған.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Кейінірек ауылдастары олардың атын тауып алады. Жағдайды еріген судан молайған Қопа өзені ушықтырып отыр – ер адамдар осы қауіпті аумақ арқылы өткен болса керек.
“Адамдардың жоғалғаны туралы хабар бізге кешке ғана түсті. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен арнайы техника, қайық пен құтқарушыларды жібердік. Адамдарды тапқанша іздей береміз. Мұны су тасқынының салдары деп ойламаймыз. Алайда, барлық ауыл тұрғыны қауіпсіздікті сақтау керек. Қазір өзендерден өту өте қауіпті”, — дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мұталлапов.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда зейнеткер бірге тұратын әйелін өлтіріп екі тәулік мәйіттің қасында отырған
Алматы облысындағы көпқабатты үйде 17 жастағы қызды өлтіріп кетті