Қарағандылықтарға орталық газға қосылу үшін пайызсыз несие беріледі
Орталық газға қосылу Қарағанды облысының тұрғындары үшін қолжетімді бола түсті. Үйлеріне көгілдір отын құбырларын тартқысы келетін тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Биыл Қарағанды облысында орталық газға қосылуды қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатты Қарағанды мен Теміртаудың 300 тұрғыны пайызсыз несие түрінде ала алады.
"Облыс басшылығының бастамасымен Қарағанды және Теміртау қалаларында 300 үйді орталық газға қосу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда орталық газға қосылады деп жоспарланған мекенжайлардың тізімі құрылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Бағдарлама қайтарымды негізде 5 жыл мерзімге пайызсыз несие беруді қарастырады. Жоба Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 300 үйдің ішінен 226 өтініш келіп түсті, оның 218-мен шарт жасалды. Бүгінгі таңда 102 үй газға қосылды, қалған 116 үйді екі апта ішінде қосуды жоспарлаа отырмыз", - деді "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысы орынбасарының м.а. Арман Саттыбаев.
Энергетика басқармасы өкілдерінің айтуынша, тұрғындарға 5 жыл мерзімге пайызсыз несие беріледі. Орташа алғанда, бір үйдің ай сайынғы төлемі 12000 - 17000 теңгеге дейін болады. Жобаға барлық тұрғындар қатыса алады. Ол үшін Қарағанды қаласында Пассажирская көшесі, 15 А және Теміртау қаласында Чайковский көшесі бойында орналасқан Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығына жүгіну қажет.
"Қаражат облыстық бюджеттен бөлінгендіктен, банктік берешектерге немесе "қара тізімде" болғанына қарамастан кез келген адам өтініш бере алады. Несиенің мерзімі мен сомасы үйдің ауданына, қосылатын газ құбырының қашықтығына, жабдықтың құрамына байланысты болады. Қосу құны 500 мың теңгеден 1 млн.теңгеге дейін болады. Қаражат келесідей схема бойынша бөлінеді: қосылуға ниет білдірген тұтынушы Тұрғын үй қорын жаңғырту орталығына өтініммен жүгінеді, содан кейін шарт жасалады. Орталықта лицензияланатын бірқатар өнім берушілер бар, олармен шарттар жасалған, содан кейін тұрғын, жаңғырту орталығы және өнім беруші арасында үшжақты шарт жасалады. Осы шарт жасалғаннан кейін жұмыстар жүзеге асырылады. Жабдықтар мен материалдарды жеткізуші ұсынады", - деді Арман Саттыбаев.
Осылайша, биылғы жылы облыста 300 үй: Қарағандыда – 200 және Теміртауда 100 үйді қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда Теміртау бойынша 77 өтінім беріліп, оның 44-і орындалды. Ал Қарағандыда берілген 177 өтінімнің 85-і пысықталды.
Қарағандының 60 жастағы тұрғыны Қайрат Мамаев биыл өз үйін орталық газбен жабдықтауға қосқан. 2-3 айдаол әжептәуір қаражатын үнемдегенін айтады.
"Мен бұл үйге 15 жыл бұрын көшіп келген едім. Бұған дейін пешті көмірмен жағатынмын. Қыс аяқталғанша көмірге біраз қаражатымызды жұмсайтынбыз. Оған қоса таңның атысы, кештің батысы пеш жағумен күніміз өтетін. Сондықтан бір орталық газға қосылуды шештік. Шілде айында қосылдық. Содан берй айына 4000 теңгеден төлеп отырмыз. Бұл әлдеқайда тиімді. Пеш жағып қиналудың да қажеті жоқ, үйіміз де түтін мен кұлден тазарып қалды", - дейді Қайрат Мамаев.
Қарағанды қаласында газ тарату желілері бюджет қаражаты есебінен салынады және жергілікті атқарушы органның теңгерімінде болады. Ал газды одан әрі пайдалану және тұтынушыларға беру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген. Алайда, тұрғындар тиісті ұйыммен техникалық қызмет көрсету туралы шарт жасасуы керек. Себебі "ҚазТрансГаз Аймақ" тек газды үйге жеткізеді, ал үйдегі ақауларды жоюмен тұрғын келісім жасасатын ұйым айналысуы қажет.
Биыл Қарағанды қаласының №3 іске қосу кешенінің бірінші кезеңін газдандыруға 2,5 млрд теңге бөлінді. Жұмыс келесі жылы да жалғасуыү.шін энергетика басқармасы келесі жылға тура осындай сомада қаржыландыруға құзырлы министрлікке алдын ала өтінім берді. Жоба 2035 жылға дейін қарастырылған.
Тұрғын үй қорын жаңғырту орталықтарының мекенжайлары мен телефондары:
Қарағанды қ., Пассажирская к-сі, 15а (3 қабат, 322 кеңсе), тел. 8 (7212) 99-65-59, 87064010119; Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22. Байланыс телефоны: (8-7213) 90-72-78.