Қарағандылық «Сарыарқа» мен Өскемендік «Торпедо» командаларының бұрынғы хоккейшісі Кирилл Лебедев қайтыс болды
Фото: instagram.com / hcmetallurg
Қарағандылық "Сарыарқа" мен Өскемендік "Торпедо" командаларында ойнаған бұрынғы хоккейші Кирилл Лебедев қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы 21 мамырда ресейлік хоккейші Кирилл Вадимович Лебедев 34 жасында өмірден өтті. Қайғылы жағдайдың себебі – жүрек тоқтауы.
Баспасөз мәліметінше, таңертең Лебедев баласын мектепке апарып, кейін көлікте өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Кирилл Лебедев 1991 жылдың 1 қазанында Магнитогорск қаласында дүниеге келген. Ол "Металлург" хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Кәсіби мансабын 2005 жылы бастаған. Өз карьерасында Лебедев көптеген клубтарда өнер көрсетті, соның ішінде Қазақстанның "Сарыарқа" (Қарағанды) және "Торпедо" (Өскемен) командаларында да ойнады.
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) Лебедев 99 матч өткізіп, 32 ұпай (13 шайба, 19 нәтижелі пас) жинаған.
Айта кетейік, 2010 жылы Кирилл Лебедев "Стальные Лисы" командасы сапында Харламов кубогын жеңіп алды.
2022 жылы мансабын аяқтағаннан кейін ол хоккей тақырыбында блог жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп жүрген еді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
