Қарағандылық отбасы кепілге қойылған үйді сатып аламыз деп баспанасыз қалды

Қарағандылық көпбалалы отбасы 8 жыл бұрын үй сатып алған. Алайда біраз уақыттан кейін сот орындаушылары оларды үйінен шығарыпты. Анықталғандай, отбасы баспананы сатып алған кезде ол банкте кепілде тұрған екен. Бұрынғы иесі үйді сатқаннан кейін қарызын жабатынын айтқан. Алайда ол тек сөз күйінде қалыпты.

Қарағандылық отбасы кепілге қойылған үйді сатып аламыз деп баспанасыз қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалдановтар отбасы NOMAD фирмасынан үй сатып алған. Алайда 2015 жылы оларды өз үйінен қуып шыққан. Жәбірленуші тараптың қорғаушысының сөзінше, отбасы үйді сатып алған кезде, ол банкте кепілді тұрған. Иесі үйді сатқаннан кейін қарызын жабуды уәде етіпті.

«NOMAD фирмасы бұл ақшаны айналымға салып, үйді олардың атына рәсімдемеген», - дейді қорғаушы Шарапат Ахметов.

Қазіргі уақытта Қалдановтар жалдамалы пәтерде ай сайын 150 мың теңге төлеп тұрып жатыр. Бес бала тәрбиелеп отырған отбасы үшін бұл аз ақша емес. Отанасы қазір тек үй үшін емес, өмір үшін күресіп жүргенін айтады. 

«Осы үшін уайымдаймын деп тағдырдан өз «сыйымды» алдым. Қазір 3-дәрежедегі онкологиялық дертпен ауырамын. Қашанға дейін шыдайтынымды білмеймін. Мемлекеттен жәрдемақы сұрап, міндеттеп отырғаным жоқ. Тек еңбекпен тапқанымды қайтарғым келеді. Сот орындаушыларынан жұмыс істеуін талап етемін», - дейді Гүлжан Қалданова. 

Бүгінге дейін Қалдановтар көптеген сот инстанцияларынан өткен. Жоғары сот отбасыға 57 миллион теңге қайтарылсын деген үкім шығарған. Алайда сот орындаушылары әрекетсіз отырған көрінеді.

«Сот орындаушысы үкімді орындауға кіріседі. Осы кезде NOMAD фирмасындағылар сотқа жүгініп, өзінің банкротқа ұшырағанын мойындауды сұрайды. Сот олардың арызын қарап, мән-жайды анықтап, қанағаттандырудан бас тартты. Олар қайтадан аппеляциялық шағым түсірген. Алайда облыстық сот тағы да бас тартады. Осылайша, Адекенов фирманы банкрот деп тану үшін, 3 жылдың ішінде 7-8 рет арыз берген. Адекенов заңды бұзып, сот шешімінің орындалуына кедергі келтіріп отыр», - дейді Шарапат Ахметов.

Өз кезегінде фирма директоры Нұрғазы Адекенов банкрот деп тану туралы арыз бермегенін және қарызды төлеуді созбағанын айтады. Ал үйді сату туралы келісімшартты компанияның бұрынғы басшылығы жасаған, дейді. Дәл осы жағдай келісімшарттың бұзуылуына себеп болыпты. Десе де фирма қарызды өтеуден бас тартып отырған жоқ. Олар ақшаны бірнеше айдан кейін қайтарамыз деп уәде етті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...