Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық оқушы бірден АҚШ-тың төрт университетінен шақырту алды

Қарағандылық оқушы бірден төрт америкалық ЖОО-ына оқуға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

оқушы

Балнұр Төленова дарынды балаларға арналған мектепті бітірді, бес тілді - орыс, қазақ, француз, ағылшын және түрік тілдерін біледі. Оны экономика және әлеуметтану қызықтырады.

10-сыныпта болашақ студент халықаралық емтихандарды тапсырып, өз нәтижелерін әлемнің түрлі елдері университеттерінің жалпы базасына жіберді. Бірден бірнеше университеттен шақырту келген кезде қыздың өзі таңырқап қалған.

"Халықаралық компанияларда жұмыс істеуді, стратегияларды, адамдармен жұмыс істеуді үйренуді жоспарлап отырмын. Осыдан кейін Қазақстанға келіп, жеке компания ашамын", - деді Балнұр. 

Балнұрдың таңдауы Род-Айленд штатының университетіне түсті. Онда оқу ақысы жылына 800 мың долларға дейін жетеді. Бірақ сәтті тапсырылған емтихандар қарағандылық оқушыға тегін оқуға мүмкіндік берді.

Ол "болашақта Қазақстан экономикасына көмектесіп, елдің табиғи байлығын тиімді дамытуға септігімді тигіземін" деп ойлайды.

"Бізде 6 оқушы шетелге АҚШ, Түркия, Венгрия, Ресейге түсті. Біздің мақсатымыз - олар сонда білім алып, біздің елді жұмыс істеуі", - деді мектеп менеджері Жазира Садуова.
 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 07:19
Талқылау