Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық мұғалімдер кәсіби мерекесінде 3 миллион теңгеден астам сыйақы алды

Қарағандылық мұғалімдер кәсіби мерекесінде 3 миллион теңгеден астам сыйақ алды

Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында Горняков мәдениет сарайында өңірдегі 700-ге жуық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Ұстаздар мен мектептерге сертификаттар табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ТК 5 канал Караганда” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңірдегі бес мұғалім “Құрметті білім беру педагогы” атағына ие болып, 3 миллион теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ ғасырлық тарихы бар үш мектеп пен колледж, үздік бес олимпиадалық мектеп 15 миллион теңгелік сертификаттарға ие болды.

Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Любовь Горбунова оқу-ағарту министрлігінің “Қазақстанның құрметті білім беру қызметкері” төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында.

“Біз әртүрлі жағдайда жұмыс істедік. Айлығымыз туралы ешқашан айтқан емеспіз. Біз жай ғана балаларды жақсы көргендіктен осы жолды таңдадық. Мектепті бітірген түлектер мен бұрынғы оқушыларым мені еске алып, амандасып тұрады. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Олар мектепке өз балалары мен немерелерін әкеледі. Мен қазір де солармен жұмысымды жалғастырып келемін”, – дейді Любовь Горбунова.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 09:52
Талқылау