Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық екі азамат полицейден ақша бопсалаған

Полицейден ақша бопсалаған Қарағандының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасына полиция қызметкерінен хабарлама түсті. Ол қызметтік көлікте жол ережесін бұзғаны туралы видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытқан екі адамның өзінен 150 мың теңге бопсалап жатқанын айтты.

Аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арызданушыдан 150 мың теңге алған азамат қылмыс үстінде ұсталды. Ұсталған азамат полицейдің танысы болып шықты.

Ол полицейге 70 мың теңге аударған кезде ұсталған. 

Анықталғандай, ұсталған адам бірнеше рет жол-көлік оқиғаларына себепкер болған. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Қазан, 2021 18:32
Талқылау