Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жедел жәрдем шақырмай, үйіне жіберген": Қарағандыдағы мектепте оқушы басын жарып алды

Қарағандыдағы мектепте басынан жарақат алған жетінші сынып оқушысын ұстаздары алғашқы көмек көрсетпей үйіне қайтарып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқушы қыздың ата-анасы мектеп өкілдерінің бұл әрекетіне наразылық білдірді. Мария Алексеева қызының 4 желтоқсанда мектепте басынан жарақат алғанын айтты. Сол күні оған мектептен телефон соғып, қыздың басын темір есікке соғып, басы қанап жатқанын айтады. Содан соң қызын қасына сыныптасын ертіп, үйіне жіберетіндерін айтқан.

"Мектептен үйге дейін жаяу 15 минуттық жер. Мен қызымды қарсы алу үшін алдынан шықтым. Үйде бас киім әрең шештік, қып-қызыл қан еді. Қанды өзім тоқтатуға тырыстым, бірақ шамам келмеді. Жедел жәрдем шақырдым, олар бізді облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізді. Ауруханада үш тігіс салып, емделуге жатқызды. Қызымның ауруханада жатқанына үшінші күн", – деді Мария Алексеева.

Болған оқиғадан кейін қарағандылық ана қызы мен кенже баласын басқа мектепке ауыстырмақшы. Сондай-ақ жәбірленушінің анасы полицияға шағымданған.

"Мектебімізде медицина қызметкері жоқ екен, ол жұмыстан шығып кеткен. Сондықтан қызымды үйіне жіберген. Сол жерде жедел жәрдем шақырудың орнына. Мен қызымның басын сындырғаны үшін мұғалімдерді жазалаймын деп отырғаным жоқ, тек мектептің мұндай жағдайға дұрыс әрекет етуді үйренгенін қалаймын", – дейді оқушының анасы.

Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Басқарма мектеп қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Мектептерде штаттық медицина қызметкері жоқ, оларға бекітілген емханалардың медбикелері қызмет көрсетеді. Бұл мектептегі медицина қызметкері 1 желтоқсанда жұмыстан шығып кеткен. Қыздың үйіне жіберілуіне қатысты 5 желтоқсанда қызметтік тексеру басталды. Мектеп директорының міндетін атқарушы мен сынып жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада. 

Талқылау