Қарағандыдағы көпқабатты үйдің баспалдағы опырылып ортасына түсті
Қарағандыдағы көппәтерлі үйдің кіреберісінде баспалдақ аралығы құлады. Төтенше жағдай газ баллонын жеткізуші көтерілген сәтте болды, дегенмен, ер адам зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құлаған баспалдақтың орнында қолдан жасалған конструкция салынды, үй тұрғындары онымен жүруге қорқады.
Тұрғындардың айтуынша, үйдің салынғанына елу жылдан асқан. Жақында кәріз құбырларын өзгерткен. Апат осы себепті болған шығар, дейді адамдар.
"Олар құбырларды өзгерте бастады, ескі кірпіштерді алып тастады, сондықтан баспалдақ құлаған шығар", - деді үй тұрғыны Оксана Токарчук.
Құлағаннан кейін жаңа кәріз жүйесі де бұзылды - құбырлар жарылды. Енді үйге күрделі жөндеу қажет.
"Төтенше жағдайды біздің қызметкерлер тексерді. Басқа құрылымдарға зақым келген жоқ. Тұрғындар мақсатты қаражат әдісімен өз есебінен ақша жинап, қалпына келтіреді. Немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша", - деп атап өтті Қарағанды қаласының ТКШ аудандық бөлімінің басшысы Серік Дүйсенбаев.
Телеарнаның мәліметінше, Қарағандыдағы екі жарым мың тұрғын үйдің біреуі ғана ресми түрде апатты деп танылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
