Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы колонияда сотталушылар аштық жариялады

Қарағанды облысында екі сотталушы аштық жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушылар Ерслан Бәкішев пен Азамат Әдеубеков наразылық ретінде аштық жариялады.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мәліметінше, 3 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесінде отырған азамат Әдеубековтен тамақ ішуден бас тарту туралы өтініш келіп түскен.

"Ол әрекетінің мотивін сот үкімімен келіспейтінімен түсіндірді. Мекеме әкімшілігіне шағымдары жоқ. АК-159/1 мекемесінің медицина қызметкерлері Әдеубековтің денсаулық жағдайын тәулік бойы бақылауды жүзеге асырады", - делінген органның хабарламасында.

Ал Ерслан Бәкішев 5 қаңтарда аштық жариялаған. Ол да қазір дәрігерлердің бақылауында.

Балқаш қалалық сотының үкіміне сәйкес, Әдеубеков пен Бәкішев аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамдар бейнебақылау камерасын сөндіріп, жергілікті тұрғынның коттеджіне кіріп, оның үйінен жалпы сомасы 15 миллион теңгеге жуық ақша мен зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Сот Әділбековті 8,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және пробациялық бақылауда болғанын атап өтті.

Бәкішевке бұл қылмысы үшін орташа қауіпсіздік колониясында 5 жыл берілді.

Сотталушылар өз кінәсін мойындамады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр