Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жеңіл көлікпен соқтығысқан автобус емхана қоршауын бұзып өтті (видео)

Қарағанды қаласының Пришахтинск ауданында қоғамдық көлік пен жеңіл авто соқтығысып, автобус балалар емханасының қоршауын бұзып өткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

"11 тамыз сағат 9:00-де Қарағандыда 23-ықшам ауданнан 22 шағынауданы жаққа қарай келе жатқан 26 жастағы жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын қағып кетті. Бұл көлік құралының салонында үш жолаушы болған. Олардың бірінің қолы жарақаттанды, оған медициналық көмек көрсетілді", – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы жарияланды. Видеодан қатты жылдамдықпен келген жеңіл автокөліктің қарсы жолаққа шығып, жолаушылар автобусымен соқтығысқанын көруге болады. Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Талқылау