Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде шанамен жүрген екі баланы қағып кеткен
Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолынынан шанамен өткен екі баланы 29 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі қағып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Тәттімбет көшесінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай бала шанада болған, қыз оны сүйреген. Болжам бойынша екеуі бір отбасының мүшесі. Зардап шеккендер соққы әсерінен бірнеше метрге ұшып кеткен.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан он бес пен бес жастағы балалар зардап шеккен. Олар бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады”,- деді Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Желіге оқиға орынынан видео жарияланған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”