Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жасөспірім тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Әлеуметтік желілерде Қарағанды облысында 13 жастағы жасөспірім тоғыз қабатты үйдің төбесінен құлап, қаза болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған ақпаратты полиция департаментінде де растады.

Оқиға қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Карбышев көшесінде болған. Куәгерлер түсірген суреттерде қарда жатқан денені көруге болады. Учаскі қоршалған. Кадрда полиция қызметкерлері мен жылап жатқан әйел де бар.

"22 қарашада Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктіктен құлаған 13 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігі "кәмелетке толмаған адамды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр