AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жарылғыш зат орнатылды деп жалған ақпарат берді деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады. 


Адамдар эвакуациялануда: Алматыда жеті нысанда жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түсті


Ол жасаған ісін мойындады, айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз күні сағат 09.00-де 102 телефонына Мұқанов көшесіндегі ХҚКО-да жарылғыш зат орнатылды деген ақпарат түсті. Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жіберілді. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.  Осы баптың санкциясына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр