AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар қолға түсті

Қарағандыда тек қана зейнеткерлерді алдаумен айналысқан алаяқтар тобы қолға түсті. Олар кез келген зейнет жасындағы адамға туыстарының қиын жағдайға түскенін хабарлап, меселені шешуге деп берген қаражаттарын қолды қылып отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Мұндайға екінің бірі сене қоймаса да, бұлардың құрығына жыл басынан бері 14 қария ілініпті. Алаяқтар олардан бас аяғы 7 миллион теңгеге жуық қаражат алған.

Жақында ғана полицияға Ресейдегі жиеніне қажет болған қаражатты жөнелттім деген зейнеткер арызданады. Жаназасына жиған 300 мың теңгесін берген соң ғана секем алып, есін жиған қария алданғанын түсініпті.

Жыл басынан бері қылмыстық топтың ізінде жүрген арнайы құрылған топ алаяқтарды ақыры Теміртау қаласынан ұстады. 39 бен 44 жастағы екі күдіктінің пәтерінен қомақты қаражат, түрлі айғақтар  мен баукеспелердің құлып бұзуға арналған құрылғылары тәркіленді.

“Алданған тұрғындардан ақшаны алып кетуге келген адамның пәтерде қалдырған саусақ іздері алынды. Сол арқылы осы қылмыстық топтың ізіне түсу мүмкін болды. Қазіргі заманда мұндайға ешкім сенбейді дегенімізбен, алданатын адамдардың дені зейнеткерлер. Олар егде адамдардың сеніміне кірудің қыр сырын меңгеріп алған”, – дейді Қарағанды қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мерей Сәдібеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр