Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда үш жасар баланы өлтірген қылмыскердің шағымы қанағаттандырылмады

Қарағанды облысында үш жастағы баланы өлтірген қылмыскер Игентай Сопыжановтың сот үкімін жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сопыжанов

Қарағанды облыстық соты алғашқы үкімді өз күшінде қалдыру туралы шешім шығарыпты. 

"Аталған іс сот алқасының отырсында талқыға салынды. Сот үкімін өзгертуге қылмыстық-прцессуалды кодекстің бұзылуы негіз бола алатын еді. Бірақ мұндай жағдай орын алмады. Сотталушы пробациялық бақылауда бола тұра, ауыр қылмыс жасады. Сол себепті ауданаралық мамандандырылған соттың үкімі өз күшінде қалды", - деп мәлімдеді коллегия төрағасы Рашид Нұрмағамбетов.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда үш жасар баланы өлтірген қылмыскер жазаны жеңілдетуді сұраған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2020 16:11
Талқылау