Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда такси жүргізушісі жолаушы қызды қала сыртына алып кеткен

Қарағандыда қыз такси шақырған. Алайда жүргізуші жолаушыны Павлодар тасжолымен белгісіз бағытта алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап. 

такси

Жолаушының сөзінше, жүргізуші қызға күш көрсетіп, қорқытып, қала сыртына алып кеткен. Қараңғы болғандықтан, қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кете алмапты. Алайда кейін телефоны арқылы дабыл сигналын беріп үлгерген. 

Ақпаратты алған патрульді полиция инспекторлары Айдар Мұсабеков пен Талғат Камалбеков бірден таксидің соңына түскен. "Олар қызға қоңырау шалып, көліктің қай жерде бара жатқанын айтты. Әрі қарай ақпаратты кезекші бекеттерге берген", – деді қыздың күйеуі. 

"Полиция қызметкерлері тасжолында такси жүргізушісін ұстап, Октябрьск бөліміне алып барды. Бұл қызметкерлерге алғыс айтқым келеді", – деді ер адам. 

Қарағанды облысы полиция департаментіндегілер болған оқиғаны растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. "Дерек полицияда тіркелді, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау