Қарағандыда табылған өлі арыстанның иесі анықталды
Қарағандының орталық саябағында табылған өлі арыстанның иесі кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Караганда-Онлайн" порталына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, арыстанның иесі - 45 жастағы қала тұрғыны. Басқа да ақпарат тергеу барысына орай жариялауға келмейді.
Қарағандылықтар арыстанның иесі кім екенін білетіндерін жарыса жазуда, деп жазады басылым. Олар аңның жанаспалы хайуанаттар бағында болғанын айтады. Қала тұрғындарының сөздеріне сүйенсек, арыстан тоғыз айлық болған.
Қазіргі таңда "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша кінәлі деп табылған азамат 30 күнге қамалуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандының орталық саябағында өлі арыстан табылғаны айтылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”