Қарағандыда шаруа қожалығының басшысын серіктесі 23 млн теңгеге алдап кетті
Қарағандылық полицейлер шаруа қожалығының басшысын алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 тамызда шаруа қожалықтарының бірінің 27 жастағы директоры Қарағанды қаласының полиция департаментінің оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласқан.
Шамамен екі жыл бұрын ол шаруа қожалығының басқа басшысынан асыл тұқымды ірі қара малын сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды. Серіктесінің адалдығына сенімді болған директор оған 23 миллион 400 мың теңге берген. Екі жылға жуық уақыт өтті, бірақ ол ешқашан уәде етілген асыл тұқымды малды көрмеген. Тірі тауар үшін төленген ақша да жоғалып кетті.
Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол 50 жастағы ер адам.
ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабыбойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ