Қарағандыда санэпидемиологтар антиваксерлерді вакцина салдыруға көндірмек болған
Қарағандыда санэпидемиологтар антиваксерлерді вакцина салдыруға көндірмек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Қарағандының орталығында қоғамдық белсенділер мен санитарлық эпидемиологтардың арасында дау туды. Олар вакцинация мәселесін көтерді. Ауру жұқтырғандардың күндік көрсеткіші бойынша өңір ұзақ уақыт бойы “қызыл” аймақта тұр.
“Біз мәжбүрлеуге қарсымыз. Бізді неге мәжбүрлеп отыр? Жұмыс істеуге де рұқсат жоқ. Біз лабиринтте өмір сүріп жатқан сияқтымыз. Адамдар әртүрлі тәсілдерді қолданып жатыр. Емханалар жұмыс істеп жатқан жоқ, рұқсат қағаз алу мүмкін емес. Оған қоса бұрын коронавирустың симптомсыз түрімен ауырдым ба, жоқ па білу үшін, антиденеге тест тапсыру керек”, – дейді белсенді Ольга Юрковская.
Белсенділер Ashyq қосымшасы да адамның құқығын шектейтінін алға тартты. Вакцинациядан бас тарту дәрі-дәрмектерге сенімсіздікпен және медициналық бағдарламаларды жиі реформалаумен түсіндіріледі.
Вирусологтардың айтуынша, тек вакцинация инфекцияны тоқтата алады.
“Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, вакцинацияның арқасында қазір бізде қауіпті аурулар өршімей отыр. Мен коронавирус туралы айтып отырған жоқпын. Мен инфекцияға қарсы вакциналар туралы айтып отырмын. Бұл жүйе адамзатты бұрыннан бері қауіпті аурулардан қорғап келеді”, – дейді Қарағанды облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы Жақия Жәшібекова.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
