Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда өртке байланысты қаланың жартысы жарықсыз қалды

"Қарағанды жарық" өртіне байланысты қаланың жартысы жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағандының жартысы электрмен жабдықтау жөніндегі монополист “Қарағанды жарық" ЖШС аумағындағы өрттің салдарынан жарықсыз қалған.

“Қосалқы станцияда трансформатор өртеніп кетті. Орталық бөлік электр қуатынсыз қалды", – делінген хабарламада.

Қарағанды әкімі орынбасары Рүстем Қожағапановтың айтуынша, қазір тұтынушыларды басқа желіге қайта қосу жүріп жатыр. Олар екі сағат ішінде жарық беруге уәде береді.

Трансформатордағы өрт 14:24-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Талқылау