Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда өрт сөндірушілер пәтерде жалғыз қалған үш жастағы баланы құтқарды

Қарғандыда өрт сөндірушілер пәтерде жалғыз қалған үш жастағы қызды құтқарды. Анықталғандай анасы үлкен ұлын балабақшаға алып кеткенде есік құлыптанып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт сөндіруші

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінде мәлімдегендей, үш жастағы қыз өз бетінше есікті аша алмаған. Көмекке келген өрт сөндірушілер пәтерге самалдық арқылы кіріп, анасына есікті ашып берген. 


Таразда 8 жастағы қыз терезеден секірмек болған


Төтенше жағдайлар департаментінде қауіпті жағдайдың алдын алу үшін кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес берді. 

Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. 

Айта кетейік, бұған дейін полицейлердің хат арқылы шетелдік азаматты құтқарғаны туралы хабарлаған едік. Азамат жанармай құю бекетінде жазба тастап кеткен. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 23 Ақпан, 2022 08:10
Талқылау