Қарағандылық келіншекті пышақтап, орманға жасырды деген күдікті екі айға қамауға алынды
Қарағандының орман алқабында өлі күйінде табылған Анастасия Шевякованы өлтірді деген күдікті тергеу барысында қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдады", - деді соттың баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ марқұм 27 жастағы келіншектің екі баласы бар екені белгілі болды. Қазір олардың бірі емдеу мекемесінде, екіншісі шипажайда.
Еске салайық, 27 наурызда Қазыбек би ауданындағы орман алқабында 5 наурыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы қарағандылық Анастасия Шевякованың денесі табылған болатын.
Оны өлтірді деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол жанжал кезінде марқұмды пышақтап, қылмысын жасыру үшін мәйітті орман белдеуіне алып кеткенін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”