AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда науқас дәрігерді соққыға жықты (видео)

Әлеуметтік желіде науқастың медицина қызметкеріне соққы жасаған видеосы тарады. Дәрігерге шабуыл жасау дерегі полицияға тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Қарағанды ​​қаласындағы Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында болған. Видеоға науқастың дәрігерді жұдырықпен ұрған сәті түсірілген. 

Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"16 сәуірде профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың қабылдау бөліміне 1986 жылы туған ер адам жүгінген. Ол оң қолы ауырып, ісіп тұрғанына шағымданған. Науқастың айтуынша, ол құлаған кезде оң қолын жарақттап алған. Тексеру нәтижесінде "оң қолдың жабық ұсақталған сынығы" диагнозы қойылып, бекіту таңғышы салынды. Осыдан кейін сүйектің қайта ығысуын болдырмау мақсатында науқас хирургиялық емдеуге жіберілді. Алайда ол гипс қолданудан үзілді-кесілді бас тартты. Ол өзін дөрекі ұстап, кезекші травматологқа дене жарақатын салған", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі аурухана әкімшілігі полиция шақырғанын қосты. Дәрігерге жасалған шабуылдың видеосы тәртіп сақшыларына тапсырылған.

Оқиғаға Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.

"Факт тіркелді. Бүгінде тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр