Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда медициналық университеттің жатақханасына COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарды жатқызатын болды

Қарағандыдағы медициналық университет жатақханаларының бірін коронавирус жұқтырған науқастар үшін стационар етпекші. ЖОО ректоры пациенттер үшін қолайлы жағдай жасалады деп кепілдік бере алмайтынын, бірақ сапалы медициналық көмек көрсете алатынын айтты. Бұл туралы университет басшысы Раушан Досмағамбетова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

караганда

"Қазір Қарағандыға қосымша жұқпалы аурулар стационары керек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өтінішіне жауап ретінде біздің университет өз жатақханаларының бірінде инфекциялық стационарды ашты. Азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікті түсіне отырып, біз биылғы жылы жатақхананы жөндеп, студенттерді орналастыруға дәстүрлі дайындық жүргізуден бас тарттық. Мұнда жалпы тазалау жұмыстары жүргізілді, науқастарды орналастыру үшін корпус толық дайын", - деп жазды Раушан Досмағамбетова.

Ол карантин кезінде медициналық университеттің клиникасы мен кәсіби денсаулық клиникасы базасында екі провизорлық және бір карантиндік стационарды ашқанын атап өтті.

"Біз, өкінішке орай, аса жайлы жағдайға кепілдік бере алмаймыз, бірақ сапалы медициналық көмек көрсете аламыз. Медициналық жабдықтар жеткізілді. Дәрілік препараттар сатып алдық. Бұл инфекциялық стационарда біздің профессорлар мен доценттер, медбикелер қатаң стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсететін болады", - деді медициналық ЖОО ректоры.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің кейбір аймақтарында науқастардың саны күрт артып, ауруханаларда оларды жатқызатын орын жетпей жатқан көрінеді. 

 

STAN.KZ
Жұма, 26 Маусым, 2020 13:02
Талқылау