Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда медицина мекемесінен қашып кеткен қылмыскер ұсталды

 Бүгін таңертең Қарағандыдағы ауруханалардың бірінен қашып кеткен қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 шілдеде қашып кеткен адамды полиция департаменті мен өңірдің ҚАЖД жедел қызметкерлері ұстады.

"Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерін жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашып кеткен, сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандыдағы медициналық мекемелердің бірінен қауіпті қылмыскер қашып кеткен болатын. Ол 35 жаста, БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Аталмыш факт бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы бойынша "Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесінің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметтік тексеруді бастады.

Талқылау