Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көшеден бір күнде екі адамның мәйіті табылды

Қарағанды көшелерінен бір күнде екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, көшеден табылған 30 жастағы ер адам мен 80 жастағы әйелдің денелерінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

30 жастағы ер адамның денесі Комисарова көшесіндегі орталық саябақтан табылды. Куәгерлер орындықта жатқан ер адамды байқаған. Басында олар ер адам жай демалып жатыр екен деп ойлапты.

Ал 80 жастағы зейнеткердің мәйіті қала орталығындағы Бұқар жырау даңғылынан табылды. Куәгерлер әйелдің тыныс алмай жатқанын байқап, полиция мен жедел жәрдем шақырған.

"Мәйіттерде зорлық-зомбылықпен өлтірудің көзге көрінетін белгілері жоқ. Аталған фактілер полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады", – делінген Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Талқылау