Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан 18 және 20 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды
Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан 18 және 20 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі eKaraganda сайтына сілтеме жасап.
Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы келді. Полиция дереу осы үйге іргелес тұрғын үйлерді іздей бастады.
Көп ұзамай Қарағанды патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні ұстады.
"Күдікті үй ауласында жанжал кезінде жәбірленушілерге пышақ сұққанын мойындады. Қылмыс қаруы тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі “ Кісі өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ