Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы ұсталды

3 сәуірде хабарланғандай Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің бірінің қоқыс контейнерінде 1 айлық сәби табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызды жедел жәрдем дәрігерлері тексеріп, оның денесінен ешқандай жарақат байқамаған.

Полиция департаментінің басшылығы көкек ананы анықтау үшін криминалды полицияның және жергілікті полиция қызметінің ең тәжірибелі мүшелерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық құрамы бағдарланды.

6 сәуір күні арнайы іс-шаралардың нәтижесінде й Қарағанды ​​қаласының полиция басқармасы мен Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің "адам өлтіруге оқталу" бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр