Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге ескерткіш орнатылады
Қарағандыда 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46 кеншінің құрметіне ескерткіш орнатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі patriotnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Новости Казахстана Youtube арнасынан скринделген
Ескерткіштің жобасын қаза тапқан кеншілердің жақындары таныстырды. Талқылау барысында олар өз ұсыныстарын да айта алды.
"Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу өткізді. Біздің компания монумент салуға қаражат бөлу туралы түбегейлі шешім қабылдады", – деді "Qarmet" АҚ еңбек қатынастары жөніндегі директоры Ерболат Дүйсіпов.
Мемориалдың жобасын әйгілі мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.
"Қазір біз макет, жоба, эскиздер ұсындық. Оның қай жерде орнатылатыны талқыланып жатыр", – деп түсіндірді Баграмов.
Еске салсақ, өткен жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 шахтер қаза тапқан еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”