Қарағандыда кәріз жүйесін ауыстыру кезінде тағы екі жұмысшы көз жұмды
Фото: Видеодан скрин
Қарағандыда кәріз жүйесін ауыстыру жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін, 1 қазанда, Шахтерлер даңғылында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін басылымға университет маңында түсірілген бейнежазба келіп түскен еді. Онда адамдардың жиналып, абыржып тұрғаны байқалады. Куәгерлердің айтуынша, бір жұмысшының жағдайы күрт нашарлап, оған жасанды тыныс алдыру шаралары жасалған.
Кейін белгілі болғандай, даңғылда кәріз құбырын ауыстыру бойынша жер қазу жұмыстары жүріп жатқан. Сол сәтте топырақ опырылып, екі жұмысшы астында қалып қойған. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты.
Қарағанды облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі адамның өліміне әкелу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Қарағанды Су" мекемесі түсіндіргендей, жұмыстарды мердігер ұйым "НС Система" ЖШС жүргізген.
"1 қазанда жер қазу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапқан қайғылы жағдай болды. Оқиғаның мән-жайын полиция органдары анықтап жатыр", – делінген ресми түсініктемеде.
Сонымен қатар компания қаза болғандарды жерлеу шығындарын "НС Система" ЖШС басшылығы өз мойнына алатынын атап өтті.
"Кінәлілерді ақтап шықты": Алматыдағы зауыттардың бірінде 22 жастағы жігіт аяғынан айырылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда өртенген үйден әйел мен екі ер адамның денесі табылды
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыдағы Федоровка ықшамауданындағы кәріз-сорғы станциясында екі қызметкер жұмыс барысында қаза тапқанын жаздық. Алдын ала деректерге сәйкес, олар құдықты тазалау кезінде жиналып қалған метан газынан уланып, тұншыққан. "Қарағанды Су" компаниясы толық түсініктеме беруден тергеу аяқталғанша бас тартты.

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде 12 сағаттан көп жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
