Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда карантин кезінде тұрғындар би кешін ұйымдастырған (видео)

Қарағанды тұрғындары көпқабатты үйлердің ауласында жаппай би кешін ұйымдастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дискотека

Қазір кешті ұйымдастырушыларды полицейлер іздестіруде. 

Сауық кеші түсірілген видео әлеуметтік желілерде жаппай таралды. Бейнежазбада Майқұдық ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында ондаған адамның жиналып, билеп жүргені аңғарылды. Тіпті, ол үшін арнайы диджей де шақырылыпты. Аталған видео қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Қазір кешке қатысқандардың барлығын тәртіп сақшылары біртіндеп іздестіріп жатқан көрінеді. 

"Қазір біз бұл видеоны тексердік. Рейд амалдары жүргізілуде. Кінәлілердің барлығы ТЖ-ны бұзғаны үшін жазаланады", - деді Қарағанды облысының ПД-нің өкілдері. 

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Сәуір, 2020 13:33
Талқылау