Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда кәмілетке толмаған екі қызды зорламақ болған педофил іздестірілуде

Қарағандыда полиция екі қызға қиянат жасамақ болған педофилді іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығысында кәмелетке толмаған қыздарға жыныстық зорлық жасауға екі рет әрекет жасалды деген ақпарат таралды.

Белгісіз біреу көшедегі кәмелетке толмаған екі қыздың қасына келіп, түрлі сылтаулармен оларды алдап, зорлық-зомбылық жасамақ болған.

Екі қыз зорлаушыдан қашып құтылғанын, содан кейін олар ата-аналарына оқиға туралы айтып бергенін, ата-анасы дереу полицияға жүгінгенін айтады. Қарағанды ​​облысының полиция басқармасы бұл ақпаратты растады, қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.

«Оңтүстік-шығыс сектордың аумағында екі факті орын алды. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 4-бөлігі Зорлау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта жәбірленушілерден күдіктінің ауызша портреті жасалды. Оны анықтау және ұстау үшін қажетті жедел-іздестіру шаралары», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ДП баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр