Қарағандыда бала педофильдің соңынан аңдып жүріп, полицияға ұстап берген
Қарағандыда қаршадай балаларға тиіспек болған күдікті қолға түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Almaty.tv арнасының хабарлауынша, ұсталған ер адам 34 жаста. Тұрғындардың айтуынша, ол аулада ойнап жүрген жеткіншектерге ақша ұсынып, ерсі әрекет көрсеткен. Бейтаныс адамның ұятсыз қылығынан шошынғандар сол сәтте жан-жаққа қашқан. Сұмдық жайтты естіген ата-аналар бірден полицияға хабарлаған. Сол сәтте кәмелетке толмаған бала арам пиғылдының ізіне түсіп, тәртіп сақшылары жеткенде күдіктінің жасырынған жерін тауып берген.
"Полициямен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабы 3-тармағы, 121-бабының 4-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.