Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды
Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 11:30-да болған.
"58 жастағы ер адам бесінші қабатта тұратын пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем жеткенімен, ол оқиға орнында көз жұмды", - деп жазды "Патриот" Telegram-арнасы.
Ер адамның көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан.
Аталған жерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті пікір білдірді.
"Жергілікті тұрғынның өлімі дерегі тіркелді, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - делінген ПД хабарламасында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”