Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі ер адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды

кәріз құбырын тазалау кезінде екі адам мерт болды istockphotoФото: Іstockphoto.com

Қарағандыда кәріз-сорғы станциясындағы жұмыс кезінде екі коммуналдық қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Фёдоровка ықшамауданындағы жетінші кәріз-сорғы станциясында құдықтың бірін тазалау барысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газымен улану салдарынан тұншығып қалған. Мұндай орындарда бұл газ жиі жиналатыны белгілі.

"Бұл факт расталды. “Қарағанды Су” ЖШС-нің екі қызметкері жұмыс барысында көз жұмды", – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу басталды.

“Қарағанды Су” компаниясында әзірге тергеу нәтижесі шықпайынша толық түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова былтыр Қазақстанда жұмыс орнында 220 адам қаза тапқанын мәлімдеген еді. Өндірістік жарақаттан 1 448 қазақстандық зардап шеккен екен.


Астанадағы құрылыс алаңында кран құлап бір адам мерт болды


Жетісу облысында екі полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты


Еске салайық, бұған дейін Шымкентте кәріз шұңқырына құлаған баланың өліміне байланысты 2 кәсіпкер қамауға алынғанын жаздық. Мердігер компания басшылары жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған. Тергеушілер кәсіпкерлердің немқұрайлығы 1-сынып оқушысының өліміне әкелді деп есептейді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 10:00
Талқылау